Тұрсын Жұртбай: Экономикалық тәуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетудің қаупі төнген ұлт

/uploads/thumbnail/20170708152704724_small.jpg

Ең қасиетті де киелі күрес – рухани бостан­дық пен рухани тәуелсіздік жолын­дағы жан қасымы, ең жауыз және ең қастаншықпағыр саясат – бір ұлтты екін­ші ұлттың рухани тәуелді етуіне бағытталған саясат.
Саяси, экономикалық, шекаралық тәуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетудің қаупі төнген ұлт.
Ал, осыған қоса рухани тәуелділікке ұшыраған ұлт – құрып кетуге бет алған ұлт.
Саяси, экономикалық, шекаралық тәуелсіздігі бар, бірақ та рухани тәуелді ұлт – құрыған ұлт. Өйткені, оның санасы тәуелсіз ұлттың санасы емеc, Абай айтқан, түйсігінен ұйыған «көп айтса көндіге» көндіккен «баспақтың» көндімі. Туған халқын көксеген азаттығына жеткізген ұлы күрескерлер де басыбайлылық пен бостандықтың психологиясынан құтыла алмаған.

"Талыс" еңбегінен

Связанные Статьи