Бас кеңсесі Қытайда орналасқан «Alibaba» online сауда сайты 11 қараша «бойдақтар күніне» орай алғашқы сағаттың өзінде 5 миллиард долларға жуық сатылым жасады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Alibaba – әлемнің ең үлкен һәм виртуалды сауда күні ретінде саналатын 11 қарашаның алғашқы 7 минутында 10 миллиард юань (1,43 миллиард доллар), алғашқы сағатта болса 36,2 миллиард юань (шамамен 5 миллиард доллар) сауда жасаған.
Өткен жылғы «Бойдақтар күнінде» алғашқы сағатта-ақ 3,9 миллиард долларлық сауда жасаған «Alibaba» электронды сауда сайты биыл 25 пайызға артық сауда жасап, жаңа рекордқа жетті. Электронды сауда негізінен ұялы телефон арқылы жасалған.
Айта кетер болсақ, Қытайдағы интернет саудасының %84-і «Alibaba» online сауда сайты арқылы жасалады. «Alibaba.com-ға» тиесілі «Taobao», «T-mall» бір басқа «JD.com» сияқты интернет дүкендер де бойдақтар күніне орай промо-акциялар ұйымдастырған.
«Alibaba» интернет дүкені толық күнде $20 млрд. сауда рекордын жасауды күтіп отыр. Өткен жылдың осы күні 14,3 миллиард долларлық сауда жасалған.
Қытайда «қос 11» күні(11 қараша) «Бойдақтар күні» ретінде бейресми мерекеге айналып, интернет дүкендерден бойдақтардың сауда жасауы дәстүрге айналып қалған. «Alibaba» интернет дүкені алғаш рет 2009 жылы $8 млрд. сауда жасаған.
Оставить комментарий