МӘЖІЛІС: СЫР ӨҢІРІНДЕ  ӨТКЕН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

/uploads/thumbnail/20170708152709255_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің  төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовтың жетекшілігінде Қазақстан Республикасы заңдарының іске асырылуымен танысу мақсатында Қызылорда облысында Комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың  үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша бойынша өткен басқосуға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев,  облыс Мәслихатының төрағасы Бекмырза Еламанов пен Үкімет тарапынан өкілдер қатысты.

Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов ашты. Ол өз сөзінде Қызылорда облысында ауылдық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеуінің үлкен оң тәжірибесі бар екенін және экономиканың тұрақты даму үрдісі сақталып отырғанын атап өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сөз алып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін, алдағы жоспарлар мен жүзеге асырылып жатқан жобаларды, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және ауыл әкімдерінің барлық өкілеттіктерін іске асыру мәселелерін баяндады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина ШаженоваМемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңының іске асырылуы туралы айтты.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы Өңірлік даму министрінің орынбасары Серік Жұманғарин шолу жасады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ауылдық кәсіпкерлікті дамыту жоспарын түсіндірді.

Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнаманы жетілдіру бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева баяндама жасады.

Мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңының басты ережелері туралы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Серікжан Қанаев сөз сөйледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді үлгілерін дамыту, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда мәслихат, әкімдердің ролін арттыру мәселелері бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Бюджет және қаржы мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Қалқазбек Әжібеков, Қызылорда облыстық Селолық тұтыну кооперативтері қауымдастығың төрағасы Самит Далдабаев, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі Самат Аманов баяндама жасады.

Жиынды қорытындылай келе, Мәжіліс депутаттары, облыс және шақырылған министрліктер басшылығы көшпелі отырыстың нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамыту үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай жасау бойынша Комитеттің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, биліктің өкілетті органының және бизнес-қоғамдастықтың алдағы уақытта тығыз және конструктивті жұмысы болатынын атап өтті.

***

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің  төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовтың басшылығында аймаққа барған депутаттар Асхат Бекенов, Талғат Ерғалиев, Әмірхан Рақымжанов, Айгүл Соловьева, Надежда Нестерова іс-сапар барысында «Ақсуат» ауылының тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдымен ауылдағы тағзым ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңадан ашылған ауылдық клубтың жұмысын көрді. Мұнан соң өткен жылы іске қосылған жол төсенділерін шығаратын шағын зауытта болды.

Халық қалаулылары «Smart Rubber» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болды. Аталған мекеме жарамсыз шинаны өңдеумен айналысады. Инновациялық жобаның экологиялық тұрғыдан тигізер пайдасы көп. Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорны жылына 2,5 мың тонна шина қабылдап, одан 1,5 мың тонна резеңке ұнтағын шығарады. Өнім терең өңделіп, жасанды футбол алаңдарының беткі қабаты өндіріледі. Алдағы уақытта өңірде салынатын ойын алаңдарында осы өнім қолданылады. Сондай-ақ жол құрылысына қажетті белсенді ұнтақ шығарылады. Битуммен араласқан бұл ұнтақ асфальттың сапасын жақсартады. Ал «ҚазРоссИннавация» мекемесі ауызсуды сүзгіден өткізетін қондырғыны құрастырумен айналысуда. Депутаттар инновациялық жобалардың ауылдық жерде көбейіп жатқандығыны қуантады дейді.

– Өз-өзін басқару заңы өткен жылы қабылданғанын білесіздер. Соның өңірлерде жүзеге асу барысымен танысып жатырмыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қызылордада облыс орталығынан бөлек, шалғайдағы ауылдарда кәсіпкерлік саласы жанданып келеді екен. Бұл жұмыссыздықты жойылып, халықтың жағдайы жақсарып келе жатқандығының айқын көрінісі, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейітсұлтан Әйімбетов.

Сондай-ақ, халық қалаулылары кеше ғана үш елдің басшысы қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім отандық өнімді өзгелерге өткізуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

***

Халық қалаулылары 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін  және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына қатысып, Қызылорда қаласының орталығындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды.

***

Мәжіліс депутаттары осы сапарда облыстың Сырдария ауданында Бесарық және Нағи Ілясов атындағы ауылдарда болып, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевтің отансүйгіштік жүректен туған жеріне жасап отырған қамқорлығын көздерімен көріп қайтты.

***

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары 1-маусым –Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған балалар фестиваліне қатысты.

Связанные Статьи