Мемлекеттік қызметкерлер енді бірыңғай форма киетін болды

/uploads/thumbnail/20170709154653020_small.jpeg

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай киім үлгісі енгізілмек. Бұл киім алғаш рет тәуелсіздік күні қарсаңында таныстырылатын болады деп хабарлайды Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, жалпыға ортақ киім үлгісінің пішіні нақтыланып жатыр.

Ал бұл сұрақ баяғыда мақұлданып қойған. Ел басшылығына көрсету үшін киімнің үлгілері мен эскиздері дайын тұр.

«Жалпыға ортақ киім үлгісін енгізу көптен бері талқылануда. Бұған түрткі болып отырған мемлекеттік қызметкерлер арасында күнделікті киімге жұмасалатын ақшаны қысқарту, осылайша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», - дейді агенттіктегілер.

Оставить комментарий

Связанные Статьи