«НЕЛЬСОН ПРОМОУШЕН»: ҚАНАТТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТУРАЛЫ ДАУҒА АЛАҢДАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

/uploads/thumbnail/20170709154711052_small.jpg

«Қамшы» порталы 14 қарашада таратқан ақпаратында 29 қазанда Алматыда өткен Қанат Ислам жекпе-жегіне қатысты «елді жаңылдырған бес дерек» туралы белгілі спорт журналисі Руслан Меделбектің жазбасын жариялаған болатын.

Бұған байланысты қалың оқырманнан жағымсыз пікірлер түсіп, жазба авторы мен порталымызды сынап жатқандар табылды. Біз қазақ намысын қорғап жүрген батырымыз Қанат Исламға аса жанкүйер оқырмандарымыздың пейіліне алғысымызды білдіре отырып, ол жазбадағы мәселенің мәнін түсіндіре кетуді жөн көрдік.

Алматыда өткен Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек маңындағы дауға байланысты Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко төмендегідей мәлімдеме жасады:

 «Алматыда Ислам мен Аллотей арасында өткен жекпе-жек аясында тарап жатқан қауесеттерге байланысты түсініктеме берейін. Бірден айтайын, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы өз миссиясын толығымен 100 пайызға атқарып шықты. Дегенмен 2016 жылы 29-қазанда осы жекпе-жекті ұйымдастырушы «Нельсон Промоушен» компаниясы Федерацияны боксшылар қолданған қолғаптардың сапасыздығын яғни жарамайтынын айтып, жала жапқан болатын. Негізінен, бокстағы заңдылыққа сай жекпе-жекті ұйымдастырушы промоутер барлық боксшыға қолғаптарды тауып беруі тиіс, сонымен қатар қолдары жарақат алмауы үшін титул үшін таласатын боксшыларға сапалы қолғаптарын беруі тиіс» — деді Виктор Демьяненко.

Белгілі болғандай, осыған дейін жекпе-жектен соң Қанат Исламның жарақат алған қолының суреттері желіде жарияланған болатын. Демек, бокс қолғабы сапасыз болғаны рас. Бұл — ұят болған бірінші жайт.

Екіншіден, өзін Қанат Исламның менеджері деп таныстырған Нұрғазы Исмағамбетов те Қазақстан бокс федерациясы жекпе-жек өткізілгеннен кейін кездесу қорытындысы BoxRec-те жарияламағанын айтып, сол себепті WBA Қанат Исламның WBA-Fedelatin титулы үшін жұдырықтасқанын мойындамаған деп кінә таққан болатын. Бұған қатысты Федерация басшысы былай деген:

«Бұл жерде айта кету керек, барлық кездесудің қорытындысы BoxRec-ке жіберілген, сол кеште-ақ бірден кеш қорытындылары мен Қанат Ислам қорғамақ болған WBA-Fedelatin ваканттық титул да жарияланған. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін, 3-қарашада WBA сайтында Қанат Исламның WBA аймақтық титулдар бойынша бірде-бір жекпе-жегі болмаған, соның ішінде Fedelatin үшін де деп, сол үшін BoxRec-тен ол титулды алып тастады».

Бұл арада көп түсінбестіктің орын алғаны анық. Оны Қазақстан бокс федерациясы былай тарқатады.

««Нельсон Промоушен» WBA-Fedelatin-нен алған санкцияны оқымаған секілді, ал онда Қанат Ислам қорғады деген титул оныкі емес екені, ол вакантты титулға айналғаны анық көрсетілген. Сол секілді осы матчқа дейін Қанат титулдық емес 2 жекпе-жек өткізген. Міне, осы жұмыстар туралы оның командасы WBA-Fedelatin хабардар етіп, осы жекпе-жекті өткізуге рұқсат алуы керек болған. Егер ондай рұқсат алынбаса, 6 айда титул қорғалмаса онда боксер өзінің иелігіндегі атақтан автоматты түрде айырылады. Яғни, «Нельсон Промоушен» WBA-Fedelatin титулы қорғалатынын жариялауда олар федерацияны да, көрермендерді де алдаған. Қанатты осындай белбеуге ие деп. Меніңше, бұл жекпе-жекті есепке алмаған секілді, өйткені WBA-Fedelatin бекіткен супервайзер мен төреші келген жоқ, тек WBA өкілдері ғана қатысты. Бұл арада «Нельсон Промоушен» ақшасын үнемдеп, WBA-Fedelatin салған санкцияны төлемеген, ал WBA BoxRec-те жарияланған бұл ақпаратты көріп, титулды сайттан алып тастаған деп ойлаймын.

Мен кіші және үлкен Нельсонмен де қолғап сапасы және титулдық жекпе-жек санкциясы туралы сөйлескен болатынмын. Олар ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ, барлығын реттейміз деді. Меніңше, олар Қазақстанға бір шалғайда ешқандай дамуы жоқ ауылға, жауапсыздықтары көрінбейтін секілді келе салған.

Мен бокс сүйер қауымның бұл жекпе-жектегі тараптар жауапсыздығының Қазақстан бокс федерациясына арта салғысы келіп жатқанын жеткізіп, оны дұрыс түсінер деп үміттенемін. Біз қазір WBA-Fedelatin ресми сауал жолдадық, титулды жекпе-жекті неге есепке алмағанының нақты дерегі таяуда белгілі болады».

Оставить комментарий

Связанные Статьи