Атырауда мұғалім мектеп оқушысын бас киімі үшін ұрған (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709160057169_small.png

 Атырауда оқу ісі меңгерушісінің оқушы қызға қол көтерген видеосы YouТube қолданушыларының ашуына тиді,-  деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіні шулатқан видеоны қыздың анасы Youtube-қа жүктеп, болған оқиғаны айтып берген. Оның айтуынша, оқиға Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте болған.

 

Видеодан мұғалім өзге оқушылармен кетіп бара жатқан қызды тоқтатып оған ұрысып жатқаны байқалады. Сол сәтте оқушы қыз кетіп қалғасы келеді, алайда меңгеруші оның қолынан ұстап алып, оған ұрысуын жалғастырады. Тіпті оған қолда көтереді.

Видео авторы оқушы қыздың құлағы ауырып жүргеннен кейін, мектепке қалпақ киіп барып жүргенін атап өтеді.

Оның айтуынша, болған оқиғадан кейін қызының мектепке барғысы келмейді. Тіпті өзіне ұрыса беретін мұғалімдерді көргісі келмейді екен. 

Осыдан кейін, оқушы қыздың анасы қалалық білім бөліміне шағымданған.

Қалалық білім бөлімі қыз баланың анасының шағымынан кейін 20 жылдық еңбек өтілімі бар мұғалім тәрбилік жұмыстан шеттетіліп, лауазымынан айырылғанын айтты. Алайда мұғалім сол мектепте орыс тілінен сабақ беруін жалғастыруда.

https://m13.spacebro.net/videos/aj/ee/mk/79/ajeemk79.mp4?video_id=ajeemk79&server_id=14&storage=2

Оставить комментарий

Связанные Статьи