Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов өз қызын Назарбаев Университетіне түсіру үшін 20 000 доллар пара бергенін полиция қызметкерлеріне айтып берді.
Осы алаяқтық үшін үстінен іс қозғалаған 39 жастағы Ботагөз Биекенова сотталып жатыр. Алмат Ермағамбетовтың айтуынша: Осы жылдың ақпан айында таныстарымыз үлкен қызымды Назарбаев Университетіне, ал кіші қызымды Ақтөбе қаласындағы Назарбаев мектебіне түсіріп беремін деген ұсыныс жасады. Таныс әйел шенеунікке НИМ директорын білемін, ал Назарбаев университетінің проректоры - менің ағам деп айтқан болатын. Таныс кісі өзін қабылдау комиссиясының мүшесімін деп айтқан. Сол себептен, мен ол кісіге толықтай сеніп, әйелімнің көзінше 20 мың доллар бердім. Биекенова ханымнан қолхат алмаған себебім де сол.
Биекенова ханым пара алғанын мойындамады.
«Диапозон» басылымының хабарлауынша, шенеунік қызын университетке түсіре алмағаннан кейін полиция қызметкерлеріне хабарлаған.
ІІД-ның хабарлауынша, Ботакөз Биекенова ұсталған, оған үлкен көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері «осы азаматшадан жәбірленушілерді Ішкі Істер Департаментіне хабарлассын» деген хабарландыру жасады.
Оставить комментарий