«ЭКСПО»-да қирап қалған көпірге қатысты дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі құрылыс аумағындағы апат болған жерді жіті тексеріп жатыр.
Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Қазір техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтайық, кейін шешім шығарамыз. Біреу қасақана кесіп тастаған шығар. Немесе құрылыс материалы сапасыз болуы мүмкін. Барлығын анықтаймыз.
Астанадағы халықаралық көрме өтетін аумақтағы әсемдік үшін салынған 90 метрлік көпір опырылып қалған еді. Өткел тура Қазақстанға тиесілі ұлттық нысан мен шетелдіктерге арналған павильонды байланыстырып тұрған. «ЭКСПО» аймағындағы апат түскі уақытта болғандықтан адам шығыны жоқ. Көпірді салған "BI Group" оқыс оқиғаға қатысты бірнеше болжам жасады. Құрылыс компаниясы басшысының айтуынша, нысанды жобалағанда қате кеткен, құрылыс талаптары бұзылған немесе материал сапасыз болуы мүмкін. Қалай болғанда да, келген шығынды "BI Group" өзі өтейді.
Оставить комментарий