ЧЕМПИОНАТ КӨРІП ШИРЫҚҚАН ЖАНКҮЙЕРГЕ

/uploads/thumbnail/20170708152807112_small.jpeg

Әлем чемпионаты бойынша бүгінге жоспарланған үш ойын өз мәресіне жетті. B тобындағы Испания-Чили арасындағы ойында түн ұйқысын бөліп, Испанияға жанкүйер болған көрермен сан соғып қалды. Рио-де-Жанейро қаласындағы  «Маракана» стадионында өткен ойында Чили құрамасынан Варгас 20 минутта алғашқы есепті ашса,  Арангис 43 минутта есепті  2:0-ге жеткізді. Ойын нәтижесі осы көрсеткішпен аяқталып, нәтижесінде Испания құрамасы Әлем чемпионаты сапынан шығып қалды. Испания қатысқан екі ойында олардың қақпасына 7 гол соғылды, өздері 1 ғана доп соға алды. Осыған дейін бір рет әлем чемпионы, екі рет Еуропа чемпионы атанған командадан қалың жұрт финалдық ойын күткені рас еді.

B тобы бойынша екінші жұп Австралия мен Нидерланд елі арасындағы тартысты ойын Голландияның пайдасына шешілді. Есеп 3:2. Алғашқы ойнында Испанияны 5:1 есеппен жеңген Голландия құрамасы плей-офф кезеңіне шықты. Матчтың 20 минутта Арьен Роббен Австралия айып алаңына ентелей еніп аладопты шірене тепті. Қақпашы Мэттью Райан қатты екпінге төтеп бере алмады. Голландия есепте алға шықты. Алаң ортасынан бірден қарымта шабуыл ұйымдастырған Австралия 21 минутта есепті теңестіріп кетті. Томми Оур айып алаңының маңындағы Кэхиллге көтере пас тастаған. Кэхилл аяғына келген допты бар күшімен тепкен. Гол! Есеп теңесті. 54 минутта Австралия қайта есепте алға шықты.  Голландиялық Дэрил Янмат айып алаңында доппен таласта қолымен ойнап қойды. Алжирлік төреші бірден пенальти белгіледі. Допқа жақындаған Миле Единак қақпаны дәл көздеді. Австралия қайта алға шықты. Ал 57 минутта Роббен Ван Перси Австралия қақпашыларын алдап өтіп, есепті қайта теңестірді. Артынша, 68 минутта Мемфис Делай Голландияны алға шығарған голды салды.

Алғашқы матчта Бразилиядан ұтылған Хорватия құрамасының Камерунмен болған ойнында ірі есеп ашылды, 4:0. Манаус қаласының «Амазаноя» стадионында өткен ойында Камерун 11(Олич -0:1 ), 48 (Перишич - 0:2),  61 (Манджукич  - 0:3), 73 (Манджукич - 0:4) минуттарда гол салды. Бүгінгі күнге белгіленген соңғы ойын Кот-д'Ивуар мен Колумбия арасында  кешке болады.

Ал, ертең С тобында Жапония – Греция, Dтобында  Уругвай – Англия, Италия – Коста-Рика командалары арасында ойын болады.

Сіз кімге жанкүйерсіз?!

Оставить комментарий

Связанные Статьи