«Қамшы» порталының кезекті интернет – конференция қонағы «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. Жарылқап Қалыбай мырза қазақ баспасөзінде ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де өз белесін ала білген, мемлекеттік тілге жанашырлығы мен ұлтшылдығы қатар көрініп жүрген азамат. Ол кісі басшылық ететін «Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдары қазақ тіліндегі таралымы ең көп басылым болып саналады.
«Қамшының» кезекті қонағы сіздердің ақпарат саласы, тіл мәселесі, ұлт тағдыры турасындағы сұрақтарыңызға жауап беретін болады. Құрметті оқырман, қояр сауалдарыңыз, бөлісер ойларыңыз болса мархабат!
Оставить комментарий