Бүгін бүкіл әлемді таңдандырған жағдай орын алды. Фейсбук әлеуметтік желісі уақытша өз жұмысын доғарды. Барша адамдар басқа Twitter, Вконтакте сияқты әлеуметтік желілерде Фейсбуктің жұмысы тоқтағаны туралы әлемге жар салды.
Иә, біз түскі асқа кетіп қалғанда Фейсбук өз жұмысын тоқтатып, бүкіл жұртты абдыратып тастаған екен. Әлеуметтік желіге енуге тырысып көрдік, бірақ ашылмады. Сосын Twitter-ді ашып қарадым. Аша сала көзім «Фейсбук құлады» деген мазмұндағы туиттер арқылы Фейсбук жұмысын тоқтатқанын білдім.
Осы уақытқа дейін еш жерде Фейсбук жаһандық деңгейде өшіп қалмаған еді. Таяуда Түркияда Twitter, сонымен қатар, басқа да мұсылман елдерінде Youtobe.com сияқты танымал ірі әлеуметтік желілер мен танымдық сайттар өз жұмысын доғарған уақытта бүгінгідей дүрлігу болған жоқ.
WorldPay төлем жүйесінің есептеуі бойынша, әлемдік алпауыт әлеуметтік желі өз жұмысын тоқтатқан 25 минут ішінде қанша қаржыдан қағылғанын есептеп үлгерді, компания 376,3 мың АҚШ доллары көлеміндегі пайдадан құр қалған екен.
WorldPay-дің статистикасына жүгінсек, дәл қазіргі уақытта Apple, Microsoft және Google сынды компаниялар мыңдаған доллар тауып жатыр. Алдымен WorldPay-дің қалай жұмыс жасап, ірі-ірі компаниялардың тапқан пайдасын қалай есептейтіні туралы айта кетейік. WorldPay өзі зерттейтін әрбір компанияның 2013 жылы, яғни өткен жылы тапқан жалпы қаржысын есептеп, сосын оны секундтарға бөліп шығады.
Кез-келген адам мына сілтеме арқылы https://www.worldpayzinc.com/tech-wealth/ Apple және де басқа ірі компаниялардың қанша уақытта қанша пайда табатыны туралы біле алады.
2004 жылдан бері қолданыста келе жатқан Фейсбук бүгін яғни 2014 жылдың 19-маусымы күні жұмысын 25 минутқа тоқтатты. Осы уақыт аралығында Марк Цукерберг ойлап тапқан әлеуметтік желі 376,3 мың доллардан құр қалған.
Apple бір минутта $70 мың көлемінде ақша табады. Оған бәсекелес болу тек азиялық Samsung компаниясының қолынан келеді. Одан кейінгі орынды Google алып тұр.
Танымал компаниялардың 1 минутта және 30 минутта қанша пайда табатыны төмендегі суретте жақсы көрсетілген.
![face-3](/uploads/image_news/20170708152858629.jpg)
Оставить комментарий