«Алаш қозғалысы» 3 томдығы жарыққа шықты

/uploads/thumbnail/20170709181103369_small.jpg

Биыл Қазақстан Республикасы үшін айтулы мереке – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл тәуелсіздік біздің ата-бабаларымыздың жанкешті күресінің нәтижесі. Қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалауға «Алаш-Орда» қозғалысының қайраткерлері  орасан зор үлес қосқаны мәлім. ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының озық өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмухамедов және басқа Алаш арыстары Қазақстанның қазіргі аумағын кеңестік билікке мойындатып, мемлекеттіліктің негізін қалап кетті.  

Осыған орай, «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау» қоғамды қоры көрнекті қаламгер, ғалым, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Алаш» қозғалысы жөніндегі зерттеулері негізінде 3 томдық басылымды жарыққа шығарды. Басылым мұрағат деректерінен, Алаш қайраткерлерінің сот процесі материалдарынан, тергеу хаттамалары мен көрсетінділерден, хаттардан тұрады.  

Бүгінгі таңда Алаш арыстарының ғұмыры мен шығармашылығын, қызметін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге қылу –  маңызды міндет. Алаш қайраткерлері туралы әрбір дерек Алаш идеясының мәнін ашып көрсетуге, ел егемендігі үшін олардың қандай құрбандыққа барғанын терең ұғынуға мүмкіндік береді. Алаш қозғалысын жан-жақты зерттеу, тарихи уақиғалардың мән-маңызын ашып көрсету жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, жаңа Қазақстанның стратегиялық міндеттерін іске асыру міндеттеріне толық сәйкес келеді.

«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Кітаптың тұсаукесері 2 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жастар кітапханасында өтеді. Кітап түпнұсқа құжаттар бойынша орысша, қазақша екі тілде шықты. Тұсау кесер 14:00-де басталады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи