«Хан Шатырды» шетелдіктер иемденіп алғанына ашынған сарапшы «қазақ бизнесмендер иелік етуі тиіс» екендігін айтты

/uploads/thumbnail/20170709181117275_small.jpg

Дж. Хопкинс университетінің Орталық Азия жән Кавказ бойынша институттың төрағасы Фредерик Старр Қазақстан экономикасын дамытуға қатысты бірқатар кеңестер берді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Ол кеңестерін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі»  тақырыбындағы халықаралық конференцияда айтқан.

Табысты мемлекеттердің қатарына қосылу үшін Қазақстанның экономикасын барынша әртараптандыру қажет екенін айтқан Фредерик Старр,  қазақтарға ең алдымен ауыл шаруашылығын дамыту жұмысына ерекше ден қою қажет екендігін ескертті.

«Қазақстанда «Астана» xалықаралық қаржы орталығын құру да  батыл бастамалардың бірі. Алайда шағын және орта бизнесті де ұмытпау қажет. Оларға несиелерді көптеп беру керек. Болашақта, шамамен 10 жылдан кейін шағын және орта кәсіпкерлердің саны барынша көп болған жөн. Мәселен, сол кезде «Хан Шатыр» сауда орталығындағы бутиктерге шетелдіктер емес, қазақстандық бизнесмендер иелік етуі тиіс», - дейді Ф.Стар. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи