СҰЛТАНОВ ҰСЫНЫСЫНА НАРАЗЫЛАРДЫҢ «САЯСИ МӘДЕНИЕТІ ЖЕТКІЛІКСІЗ» ЕКЕНІН АЙТТЫ

/uploads/thumbnail/20170709181255511_small.png

Астана қаласының атуын өзгерту туралы дау әлі тоқтамады. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтік желіде айтылып жатқан сыни пікірлер көңіліне тиетінін айтып, журналистерге сұхбат берді. «Президент қалай қабылдауы керек еді? Мен осылай болуы мүмкін екендігін білдім... Өте байсалды, дұрыс қабылдады», - деді Қуаныш Сұлтанов журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Депутат осы күндері әлеуметтік желі айтылып жатқан сынның көңіліне тиетінін жасырмады. «Бұл әркімнің құқығы. Бірақ саяси мәдениет болуы керек. Пікірді сынауға болады, бірақ жеке басқа тиісуге болмайды. Қандай да бір идея, ұсыныс үшін адамдарға тіл тигізген жөн емес. Оның пікірімен келіспей-ақ қойыңыз, бірақ адамды білмей тұрып, ол туралы неше түрлі айтуға болмайды. Бұл бізде саяси мәдениет жеткіліксіз екенін көрсетеді», - дейді ол.

Сұлтанов бұған дейін Астанаға елбасының есімін беруді ұсынып, қоғам наразылығына қалған болатын. Оны өзінің кейбір әріптестері қолдағанымен, қала атын ауыстыру қажет болса Петропавл мен Павлодар сияқты қалалардың аты бар екенін айтқан еді былайғы жұрт.

Айта кететін болсақ, Елбасы ешкімге Астананы атауын ауыстырайық деп бастама көтеруге тапсырма бермегенін айтып, «Қай нәрсе болса соған «Нұр» деген сөзді қосады. Ол менің тұлғаммен байланысты болып шығады. Оны мен талай айтқанмын. Анаған да, мынаған да алып келеді де Парламент астананы менің атыммен атау туралы болжам айтыпты. Мен ешкімге ондай ұсыныс айтқан жоқпын», - деген еді. Елбасы Тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктері жалғыз өзінің еңбегі емес екендігін, сенімді серіктерінің күш біріктіруі нәтижесінде қол жеткізілгенін атап өткен болатын.

Естеріңізге салсақ, Елбасы ел астанасының атауын өзгерту туралы пікірге «Россия 24» арнасына берген сұхбатында нүкте қойған болатын.  «Астана - бұл бренд. Астананың атауын өзгертудің еш қажеті жоқ», - деген еді президент сұхбат барысында.

Оставить комментарий

Связанные Статьи