Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмі 2 желтоқсаннан бастап көрсетіледі (видео)

/uploads/thumbnail/20170709181338762_small.jpg

Режиссер Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмі АҚШ пен Канадада 2 желтоқсанда прокатқа шығады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картинаның продюсері Санжар Сұлтанов хабарлаған.

«Хакер» (Anonymous) фильмінің дистрибьюторы – Sony Picture халықаралық компаниясы. Кинокартина қаңтар мен наурыз айларының аралығында Ұлыбритания, Франция, Италия, Австралия және Латын Америка елдерінде шығады екен. Продюсердің айтуынша, компаниямен келіссөздер жарты жыл бойы жүргізіліп, келісімге қол қойылған. Енді осы елдердегі көрермендер режиссер Ақан Сатаевтың картинасын тамашалай алады.

Ал қазақстандық кинотеатрларда фильмді 1 желтоқсаннан бастап көруге болады. Картина Қазақстанда бір рет көрсетілген. Фильм 2015 жылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің шымылдығын ашты. Ақан Сатаев сұхбаттарында өз картинасын қазақстандықтарға көрсеткісі келетінін, бірақ картинаның жарыққа шығу процесінің 2 жылға созылып кеткенін бірнеше мәрте айтқан болатын.

«Хакер» - Ақан Сатаевтың шетелдік көрерменге арналған тұңғыш фильмі. Фильмнің Түсірілім жұмыстары Торонтода, Нью-Йоркте, Гонконгта және Бангкокте 2014 жылы өткен болатын. Басты рөлдерде америкалық актерлер Каллэн МакОлифф және Лоррейн Николсон (Джек Николсонның қызы) ойнайды. Тимур Жақсылықов пен Санжар Сұлтанов жазған сценарийде кредит карталары арқылы алаяқтық жолмен ақша тапқан хакердің өмірі туралы баяндалады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи