Орыс ғалымы Қазақ мемлекетіне мың жыл болғанын мойындады

/uploads/thumbnail/20170709182033049_small.jpg

Ресей Федерациясының Экономикалық стратегиялар институты Қазақстанның даму тарихын зерттеп, экономика, табиғи ресурстар, сыртқы саясат, білім-ғылым, әскери дайындығы, территориялық мәртебесі және тағы басқа салалардағы күш-қуатын зерделеген деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

Бұл туралы осы институттың директоры, профессор Александр Агеев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференцияда айтқан. Конференцияға Түркия, Ресей, Финляндия, сондай-ақ Еуропалық одақтың өкілдері қатысқан.

«Осы орайда Тәуелсіздіктің 25 жылы — ол «мемлекетке 25 жыл толып отыр» дегенді білдірмейді. Осыны ұмытпау қажет. Мемлекеттің өзіне мың жыл, ғасырлардан да көп. Сондықтан әр уақытта Қазақстанның күш-қуаты әрқалай болды. Мәселен, Қасым xан, Есім xандардың тұсында Қазақстан ұлы аймақтық держава дәрежесіне дейін көтерілген. Ресей империясы құрамында да әртүрлі кезеңдер болды. Сосын кеңестер кезінде Қазақстан дербес мемлекет болмаса да, ол мемлекеттің болғанын мойындауымыз қажет», — деді Агеев.

Оның айтуынша, зерттеудің он көрсеткіші бойынша 1981 жылы Қазақстан кеңестер құрамында болса да, аймақтағы ықпалды мемлекетке айналған.

«Ал 91-ші жылы басқалармен бірге оның дәрежесі күрт төмендеп кетті. Мына жерде Қазақстанның перифириялық мемлекет болғаны жайында айтып жатыр. Мен өзім бұл пікірмен келіспеймін. Себебі ол кеңестер құрамындағы оқ бойы озық елдердің бірі еді. Иә, Байқоңыр, уран және тағы басқа сирек металдар полигондары Мәскеудің қарамағында болды. Дегенмен, 91-ші жылдарға дейін Қазақстан жетекші өндірістік-аграрлық мемлекет болып қалыптаса білді. Енді, қазіргі уақытпен салыстырғанда, сіздер барлық факторлар бойынша үлкен прогресс жасадыңыздар. Бұның бәрі — тамаша жетістік», — деп атап көрсетті ресейлік маман.

Еске салатын болсақ, 2014 жылы РФ-ның президенті Владимир Путин «Селигер» жастар форумында Қазақстанға қатысты сауал қойған қызға берген жауабында «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған» деп еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи