Асқар Мырзахметов жерді бір қолға иемденіп алудың дәурені өтетінін айтты

/uploads/thumbnail/20170709182108362_small.jpg

Жер пайдалану туралы заң алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Бұл туралы KTK арнасы хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мараторий жарияланған Жер кодексінен бөлек, жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.

«Бір қолға шектеу қойып отырмыз. Бұрын бір қолға шектеу тек қана жекеге сатылғанда ғана болатын. Ал енді егерде жалға алатын болсаң, бұл жерде де бір қолға шектеу айтылғалы отыр. Бұл да алғаш рет қабылданғалы отырған нормалардың бірі», - деп мәлімдеді министр.

Мырзахметов мәлімдегендей, Жерді пайдаланушыға да талап екі есеге күшейеді. Алқаптарды жалға бермес бұрын республикалық байқау жарияланады. Және фермерден алдын ала бизнес жоспар талап етілмек. Яғни, кәсіпкер жалға алған жерге не егетінін күні бұрын көрсетуі керек.

Мырзахметов «Жер» туралы жаңа заң жобасын жақын күндері парламентке таныстырмақшы. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрі қазір қолданыстағы 24 миллион гектар алқаптағы бидайдың көлемін қысқартып, орнына жем-шөпті арттырмақ. Өйткені, елімізде малға азық жетпей жатыр екен. Сондай-ақ депутаттар есеп беруге келген Мырзахметовтен субсидияның да нәтижесін сұрады. Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия 500 миллиард теңгеден асыпты. Бірақ қыруар қаржы тиімді игерілмей жатыр. Мәжілісмендер жыл сайын қырылып жатқан мал мен киіктің санына да алаңдаулы.  Бақтықожа Ізмұхамбетов «Киіктердің өлген жерінде мал неге өлмеді? Пастерелез бірнеше жылдан бері белгілі, ондай ауру бар екені. Оған қарсы шара қабылдап жатырмыз, деп бір айтылу керек қой. Бір де бір нәрсе естіген жоқпыз», деп, министрліктен нақты жауап талап етті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи