Бүгін Өзбекстанда Президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломовтың айтуынша, сайлауға келушілердің саны қажетті деңгейден 33% артық. Жергілікті уақыт бойынша, таңғы 11.00-де сайлау учаскесіне 6,89 миллион адам келген. Ал, 2015 жылы жергілікті уақыт бойынша, сағат 10.00-де сайлаушылар 36,6% құраған. Заңға сәйкес, сайлау дұрыс өтті деп қабылдау үшін тіркелгендердің 33% сайлауға қатысу керек.
Президенттікке үміткерлер саны - 4. Олар: Шавкат Мирзиеев (Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы), Хатамжон Кетмонов (Өзбекстан Халықтық демократиялық партиясы), Сарвар Отамурадов, ("Миллий тикланиш" Ұлттық-демократиялық партиясы) және Наримон Умаров ("Адолат" социал-демократиялық партиясы).
Сайлау учаскелері 22.00-де жабылады.
Оставить комментарий