Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды, Nur.kz сайтының хабарлауынша.
Бұл жолы "Байсат" базарының өртенгені туралы хабарлама Алматы қалалық ТЖД-не бүгін таңғы 05.57-де келіп түсті.
Сағат 06.03-де оқиға орнынан алғашқы өрт сөндірушілер келіп, контейнерлердің өртеніп жатқанын көрген.
Өрт деңгейі 3 рангтегі деп көрсетіліп отыр. Өртті сөндіруге 3 өрт сөндіру гидранты мен жеке құрамның 100 қызметкері жұмылдырылды, сағат 07.19-де өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өзге де шаралар атқарылып жатыр.
Өрт 280 текше метр жерді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ.
Оставить комментарий