Өзбекстандағы сайлаудан алдын ала нәтиже жарияланбады

/uploads/thumbnail/20170709184527329_small.jpg

Оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстан республикасында соңғы рет 2015 жылы 29 наурыз күні президент сайлауы өткен еді. Қартаң тартқанына қарамастан Ислам Каримов тағы да халықтың дауысын «жинап» келесі президенттігін қорғап қалған болатын.

Кеше, 4 желтоқсан Өзбекстан азаматтары соңғы 27 жыл авторитарлық тәсілмен ел басқарған, қыркүйектің басында 78 жасында қайтыс болған Ислам Каримовтен соң бес жыл мерзімге президент болатын келесі адамның билікке келуіне дауыс берді.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге қатысқандар электораттың 88 пайызын құрады. Өзбекстанда ел президенті лауазымына сайлау аяқталды. Дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды. ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. Бұл туралы 4 желтоқсан күні  қорытынды брифингте ОСК төрағасы  Мирза-Улугбек Абдусаломов айтты.

Дауыс беру ел ішіндегі - 9383  және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өтті. ОСК төрағасы дауыс берудің нәтижесі бойынша болашақ президент туралы алдын ала мәліметтерді атамай, алғашқы нәтижелер 5 желтоқсан күні түстен кейін айтылатынын жеткізді. Бұған дейін хабарланғандай, сайлауға төрт үміткер қатысуда - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан түсуде,  Хатамжон Кетмонов Халық-демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан сайлауға қатысты.  

Айта кетер болсақ, Өзбек билігі сайлау нәтижесі туралы ақпаратты мейлінше жабық ұстады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи