Министр Мұхамедиұлы Facebook парақшасын қайта ашты

/uploads/thumbnail/20170709184528204_small.JPG

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы араға аптаға жуық уақыт салып Facebook әлеуметтік желісіне қайта оралды.

Министр Facebook-те ашқан аккаунты екі тәуліктен кейін жабылуының себебін техникалық ақаулармен байланыстырды.

«Қайырлы түн, қадірлі достар! Көпшілігіңіз Фейсбуктың техникалық себептермен аккаунтымды жауып қойғанынан хабардарсыздар.Сіздермен қайтадан қауышқаныма қуаныштымын! Парақшамды жүргізуді енді қолға ала бастағандықтан, сіздерден түсіністік танытуларыңызды сұраймын және аккаунтыма қатысты кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды қуана қабыл аламын. Назарларыңызға көп рахмет!», - деп жазды министр.

Еске салайық, Мәдениет министрі 26 қарашада Facebook желісіне тіркелген еді.  Алайда екі күн өтпей, парақшасын жауып тастаған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге берген сұхбатында парақшаның жабылуын түсіндіре отырып: «Мен ол парақшаны ашқаныма еш өкінбеймін. Екі күннен кейін оны қайтадан ашамыз. Бәлкім, барлығы мені көп шындықты айтып қоя ма деп қорыққан шығар. Негізгі себеп сол деп ойлаймын. Мен ол парақшаны өзім жүргіземін. Кешкі уақытта», - деген болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи