Реджеп Тайип Эрдоған Түркияда болған теракті жөнінде

/uploads/thumbnail/20170709185001604_small.jpg

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған терактіні ұйымдастырушыларды айыптап, адамдардың қайтыс болғанын растады деп хабарлайды tengrinews.kz.

 «Anadolu» агенттігінің мәліметінше, террористік шабуыл қауіпсіздік қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарға қарсы жасалды. Түркия президенті, лаңкесті ұйымдастырушылардың басты мақсаты - максималды түрде шығын келтіру екеніне сенімді.

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған: «Осы түнде біз терактінің куәсі болдық. Террорлық әрекеттерін «Бешикташ»Бурсаспор» матчынан кейін жасағаны, адамдарды көптеп өлтіру үшін екені анық. Өкінішке орай, қайтыс болғандар мен жараланғандар бар». 

Түркия елі лаңкестікпен күресті тоқтатпайтынын да айтты. Бұл іске кінәлілер қатаң түрде  жазаланады деп жалғастырды.

«Бешикташ"-«Бурсаспор» матчынан кейін, Ыстамбұлдың орталығында орналасқан футбол стадионында екі мәрте жарылыс болғанын еске саламыз.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи