Ыстамбұлдағы Vodafone Arena маңындағы қос жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны артты деп хабарлайды baq.kz.
Ыстамбұлдағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті
Түркияда екі бірдей жарылыстан кейін ұлттық аза тұту күні жарияланды. Осыған байланысты елдегі барлық мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсірілген.
Естеріңізге сала кетейік, жарылыстар «Водафон Арена» стадионында болған еді. Соңғы мәлімет бойынша, лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті. Жүзден астамы жараланды. Құрбандардың көбі полиция қызметкері.
Билік 13 күдіктіні қамауға алған. Президент Режеп Тайып Ердоған марқұм болғандардың отбасыларына көңіл айтып, «Түркия экстремистік ұйымдармен күресті жалғастыра береді» деп мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Оставить комментарий