Ермек Тайшыбеков «СССР-дің ыдырауы мен үшін трагедия болды. Өйткені менің отаным ыдырап кетті. Енді отаным СССР қайта бірігуі керек. Отаным – СССР, Ресей», - деп ел арасына бүлік салған еді. Тіпті Қазақстан Ресейдің құрамына қосылса, губерниясы болса деп құрбандық та шалған. Елімізді территориялық тұрғыда бөлшектеп, Ресей Федерациясының құрамына қосуға шақырған оны бір жыл бұрын Қордай аудандық соты әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы «ұлтаралық араздық тудырды» деп айыптап, 4 жылға соттап, жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуге үкім етті. Оның түрмедегі фотосын әлеуметтік желіде Мұхтар Тайжан жариялады.
Оставить комментарий