Анкарадағы Ресей елшісінің өлімінен кейін Трамп тосын мәлімдеме жасады.
Еске салсақ, Андрей Карловты атып өлтірген жендет «миссиясын орындағаннан» кейін «Аллаһу Акбарлап «Сириядағы адамдарды бомбалап жатқан Ресейден кек алғанын» айтып ұрандап еді.
Трамп осындай қатыгез жағдайдан кейін мұсылмандардың АҚШ-қа кіруі туралы пікірін сұраған журналистерге «Менің жоспарларымды баяғыдан бері білесіздер, айтқаным айдай келді. Болған жағдайлардан кісі ұялады» деді.
Айта кетсек, Трамп сайлау алды компаниясында АҚШ-қа мұсылмандарды кіргізбейтінін айтып, әлемде дүмпу туғызған еді.
Кейіннен Трамп, айтқанынан сәл ғана жұмсарып, террормен атауы байланысқан және қауіпсіздік бақылауы мүмкін болмаған елден келген адамдарды елге кіргізбеуге пікірін өзгерткен.
Трамп Дүйсенбі күні болған Берлиндегі террорлық әрекетке байланысты да жазба мәлімдемесінде: «ДАИШ және басқа да милитаристік Исламшы топтар үшін «өз жаһандық жихадтары аясында ылғи да Христиандарды өмір сүрген жерлері мен құлшылық орындарда өлтіріп жатыр» деген болатын.
Бірақ, кеше жасаған мәлімдемесінде Христиандарға байланысты қолданған сөзін емес, «Бұлар адамгершілікке қарсы жасалған шабуылдар және қалайда тоқтатылуға тиіс» деген.
АҚШ билік өкілдері Трамптың әуелгі сөзінен Мұсылмандар арасында Батысқа қарсы кектену туындауынан алаңдап, Мұсылман қауымының зорлық-зомбылыққа қарсы күресінде Батыспен әріптестігінің босаңсуына алаңдаушылық танытты.
Оставить комментарий