Nature журналы қазақстандық Александра Элбакянды «жыл адамының» ондығына қосты

/uploads/thumbnail/20170709190821177_small.jpg

Александра Элбакян миллиондаған ғылыми жұмыстарды ашық түрде жариялайтын Sci-hub атты пираттық сайт ашу арқылы әлемге өз септігін тигізді деп хабарлайды the-steppe.com мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

19 желтоқсан күні танымал ғылыми Nature журналы осы жылы ғылымда маңызды ашылулар жасаған он адамның тізімін жариялады. Бұл тізімнің қатарына 2011 жылы Sci-hub деген пираттық сайт ашқан қазақстан тұрғыны Александра Элбакян еніп отыр. Қазақстандағы Техникалық Университетінде оқып жүрген кезінде өіне керекті ғылыми материалдырды тек сатып аліға ғана болатындықтан біраз дүниелерге қолы жетпей қалған. Сол кезде қыз бұл жағдайдан шығатын жолды тауып, заңсыз түрде өзіне және жақындарына керекті материалдарды жүктеуді үйренген. 2011 жылы бұл процессті дамытып, Sci-hub атты миллиондаған ғылыми тұжырымдарды тегін көшіріп алуға болатын сайт ашты.

Әлем бойынша Элбакянды сынағандар да, оның ізін қуғандар да көп. Қазақстандық қыздың бұл ашылымы біраз ғылыми туындылардың авторларының, сонымен қатар ғылыми шығармаларды жариялайтын баспа қызметкерлерінің ашуын келтірді. 2015 жылы Elseiver ғылыми басылымы  Sci-hub сайты мен Александра Элкабянның үстінен арыз жазып, сотқа берген. Соттың үкімі бойынша, жабық сайт жасау керек болған, алайда ресурстар домендерін өзгертіп алып, жұмысын ары қарай жалғастыра берген.

Александра Элкабян өз сұхбатында «көптеген адамдардың маған алғыс айтып хат жазды», -  деп мәлімдеді. Ол өзін жамандық емес, керісінше көптеген адамдарға жақсылық жасадым деп санайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи