Шамдағы аштық: тәубеге шақыратын 3 минуттық видео

/uploads/thumbnail/20170709190822310_small.jpg

Ғаламторда адамды түрлі ойға жетелеп, тәубеге келтіретін видео жарияланған. 3 минуттық видеоға қазіргі қоғамды дендеген үлкен рухани, әлеуметтік індет сиып кеткен. Видеодағы буыны қатаймаған кішкентай балалардың көзінен үмітті байқайсыз.

Қиыншылық...Шыдамдылық...Үміт...Берілмеу...Жақын адамыңнан қол үзу...Осының барлығын 3 минуттық видеодан көре аласыздар.

Не істеп жатырсыңдар?

Нан қоқымын жинап жатырмыз.

Адамдар тамақтың құнын мүлде білмей, жерге тастайды.

Қараңыз, біз қаншасын жинап алдық және қаншасы әлі бар.

Неге адамдар оны басқаларға бермей, жерге тастайды екен?

Бұл қайдан келген нан?

Адамдарға көрсетілген азық-түлік ретіндегі көмек.

Сендер ештеңе алмадыңдар ма?

Жоқ!

Егер бізге ондай көмек көресетілсе далаға шығып жердегі нанды теріп жүрмеуші едік.

Қайдансыңдар?

Біз Хаджарданбыз (Дамаск). Біздің ауылдан басқалары соғысты тоқтатпақшы.

Ал сен не істеп отырсың?

Ол менің інім. Менімен бірге нан қоқымын жинап жатыр.

Одан кейін оны сорпаға қосамыз.

Қалай өмір сүріп жатырсыңдар?

Сорпа мен судың арқасында тірі жүрміз.

Дәмдеуіш қосылған сорпамен...

Кеспе және маггимен...

Бұлай өмір сүріп жатқандарыңа қанша болды?

Білгілі бір уақыт...жыл

Сендердің ата-аналарың тірі ме?

Әкем осында, ал анам ауылдан басқа жерге кетіп, қайтып келе алмады.

Әкем жеке куәлігін жоғалтып алды. Сондықтан көмек ала алмаймыз.

Жасың қаншада?

10-да...

Нені қалайсың?

Мен жағдай жақсарып, қарным тойғанша тамақ жегім келеді. Қазіргідей аш жатып, аш қарынмен оянғым келмейді. Біз бұлай өмір сүре алмаймыз.

Анам аштықтан кетіп қалды. Ал біз шыдамды болуымыз керек. Әкеміз көмектесіп жатыр...Бізге ешкім көмек қолын созып жатқан жоқ. Алла ғана бізбен бірге.

Сендер сабырлысыңдар ма?

Біз шыдап жатырмыз. Алла бізге көмектеседі.

Сендерді осындай жағдайға қалдырған адамдарға не айтқыларың келеді?

Ештеңке. Бізді барлығы тастап кетті.

Біз үлкен жақсы отбасынанбыз. Бірақ бізді барлығы тастап кетті.

Адамдарға тек бір нәрсе ғана айтқым келеді ӨМІРДЕН ЛӘЗЗАТ АЛЫҢДАР!

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи