Әлеуметтік желілерде өзінің екі қызын жарылыс жасауға дайындап, олармен қоштасып жатқан ата-аналардың видеосы жария болды.
Өздерін джихад тұқымдары санайтын отбасы мұндай әрекетке амалсыздан барғандай. Қыздарының біреуінің жасы 7-де болса, екіншісі 9 жаста. "Әл-Каида" ұйымымен байланысы бар "Жебхат ән-Нусра" тобының сарбазы қыздарын жарылыс жасауға дайындап, оларға нұсқау көрсетіп жатыр.
12 желтоқсанда Нигерияда қатарынан болған екі жарылыстың біреуін 7-8 жастағы бүлдіршіндер жасағаны жайлы Қамшы порталы жариялағанын естеріңізге сала кетейік. Соның айғағы, міне, мына видеолардан айқын көрініп тұр. Кішкентай бүлдіршіндердің санасын улап, ендігі кезекте оларды өлімге жіберуге көшті.
Оставить комментарий