Жириновскийді Ресейдің Түркиядағы елшісі етіп сайлауға өтініш жасалды

/uploads/thumbnail/20170709190833609_small.jpg

Ресейлік «Ұлттық комитет+60» ұйымының белсенділері РФ Президенті Владимир Путинге Түркияның елшісі ретінде Владимир Жириновскийді тағайындауды сұрады деп хабарлайды krymr.com. Шын мәнісінде белсенділер ЛДПР партиясының көшбасшысын  «Сирия мәселесімен» айналысуды сұрайды.

«Сириядағы төтенше жағдай,  онда іскер мамандардың жұмыс істеуін талап етеді! Өкінішке орай, керемет шығыстанушы Евгений Примаков қайтыс болғаннан кейін онымен деңгейлес адам қалмады. СІМ Басшысы Лавров физикалық тұрғыда Жақын Шығыстағы барлық мәселені қамти алмайды» дейді белсенділер.

«Ұлттық комитет+60» ұйымы уәкілдерінің ойынша мәселені шешудің осындай нұсқасы Ресейдің Батыстан келетін қауіпке қарсы тұрып, ел ішіндегі де, сыртындағы да терроризм мәселесін шеше алады.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи