ҚХР азаматы 11 жасар қызды зорламақ болған

/uploads/thumbnail/20170709190908849_small.jpg

ШҚО Мақаншы ауылында 55 жастағы ер адам 11 жастағы қызды саябақта зорламақ болған деп хабарлайды tengrinews.kz. ҚХР азаматы қыздың отбасымен жақсы таныс екен. Ол 11 жасар қызды киім сатып алып беремін деп дүкенге алып кеткен. Бірнеше дүкенді аралағаннан кейін, таксимен қызды саябаққа апарған. Ер адамның бұл әрекетінен күдіктенген такси жүргізушісі құқыққорғау органдарына хабарласып, олар дер кезінде жетті. Қытайдан келген отандасымыз қызды шешіндіріп үлгерген. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Үржар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. qamshy.kz тілшісі Үржар ауданының ІІБ хабарласқанында, сотқа дейін іс материалдарымен таныстыра алмайтынын жеткізді.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи