«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және Қазақ радиосының директоры Махат Садық Қазақстан журналистика Академиясының академигі болды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Оларға академияның толық мүшесі атағы Журналистика академиясының 5 желтоқсандағы жалпы жиналысының шешімімен берілген.
Айта кетер болсақ, Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 2016 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы қызметіне келді.
Оставить комментарий