Youtube-те «Русский эксперт позорит Назарбаева и Казахстан» («Орыс сарапшысы Назарбаев пен Қазақстанды масқаралап жатыр») деген атаумен 2 минуттық видео жарияланды. Видеоның қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Қазақстанның мұнай өндіру саласын сынға алған ер адамның қай елдің азаматы екені туралы ақпарат жоқ. Бейнеге сәйкес ер адам орыс ұлтына ұқсайды.
Видеодағы ер адам Қазақстанда жылына 80 миллион тонна мұнай өндірілетінін айтып, өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алмай отырғанын айтады. Ресейді мысалға алып, Путиннің арқасында мұнай өндіру саласы қарыштап дамығанын тілге тиек етеді. Егер Путиннен оқшауланып, Омскіден Қазақстанға темір жол арқылы тауар жеткізуге тиым салмасаңдар, ол барлық зауыттарыңды тоқтатып тастаушы еді дейді.
Видео кейіпкері Қазақстанда өндірілетін 100 тонна мұнайдың 50 тоннасын мазут жасайтынына ашынатынын және жоғарыда атап өткендерін талай мәрте айтып жүргенін, нәтиже шығара алмағанын жеткізді.
Оставить комментарий