Қарағандылық полицейлер қайтыс болған екі жасар қызының мәйітін ата-анасы пешке жағып жіберген деп күдіктенген болатын. Күдіктілер өз кінәсін мойындады деп хабарлайды today.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Қазыбек аудандық сот басқармасы ерлі-зайыптыларды түрмеге қамау жайлы үкім шығарды.
Тергеуді жүргізу барысында, 2016 жылдың ақпан айында ерлі-зайыптылар аязда өліп қалған қыздарының мәйітін пеште өртеп жіберген.
«Ер адам Қарағанды мен Үштөбе ауылының арасындағы ұзақ жолмен екі жасар қызымен бірге айдалада келе жатқан. Кішкентай қызы шаршап, артта қалып қоя бергендіктен, оны далаға тастап кетіп қалған. Сол түні бүлдіршін аязда үсіп өлген. Келесі күні қыздың ата-анасы оны тастап кеткен жерге келіп, өлі жатқан қыздарының мәйітін тауып алған. Мойындарына жауапкершілікті алуға қорыққан олар үйлеріне келіп қыздарының мәйітін пешке жағып жіберген», - деп мәлімдеді ақпарат көздері.
Полиция мен әлеуметтік қызметкерлер жоғалып кеткен қызға қатысты тергеу жүргізіп, оның ата-анасын тауып алған. Ол кезде қыздың анасы екінші баласын босанып жатқан екен, қазір ол балағы алты ай толыпты.
Кішкентай балаларының болғанына қарамастан, Қазыбек аудандық соты ерлі-зайыптыларды бас бостандығынан айыру жайлы шешім қабылдаған. Кішкентай бүлдіршін әлеуметтік қызметкерлердің қарамағына өтіп, жетімдер үйіне тапсырылды.
Оставить комментарий