Есікте Жібек Мусинаны зорлағандарға қатысты сот шешімін қайта қарауды сұрап бір топ адам заңсыз митингіге шықты деп хабарлайды nur.kz. Олар сотталғандардың туыстары, достары, көршілері мен таныстары екен. Ауыл мешітінде өткен митингіге жергілікті әкім Болат Жақсыбаев келіп, жиналған қырық шақты адамға қоғамдық тәртіпті бұзып отырғанын түсіндіруге тырысқан.
Заңсыз ұйымдастырылған митингіге полицейлерде келді. Олар жиналғандарды үйіне қайтуға шақырды. Топ ішінде істі қайта қарамаса өзін өртейтінін айтқандар да болды.
Сотталғандардың бірі Алмас Ермековтің анасы, соттың неліктен Жібек Мусинаның пайдасына шешілгендігіне қатысты өз ойын білдірді.
«Не молчи.kz» («Үндеме.kz») қозғалысы Батыстан қаржыландырылады. Ол тырнақшаның ішінде феминизмді дәріптейді. Қазақстанда оны продюсер Дина Тәңсәрі басқарады. Ол 20 жыл бұрын топпен зорлаудың құрбаны болғанын айтқаннан кейін «Не молчи.kz»-ке жаңа «құрбандар» керек болды және 4 жігіт құрбан болды да. Таңсәрі кәсіби түрде «зорлаушыларға» қарсы ақпараттық компания ұйымдастырды. Олардың есімдері мен фотолары да жарияланды» дейді ол.
Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинаны 4 жігіт зорлап, айыптылар сотталып кеткенін еске саламыз.
Оставить комментарий