Якутиядағы 3-жасар Карина Чикитова көрші ауылда тұратын әкесіне бармақшы болады. Ол үшін қалың орман арасынан өтуге тура келеді, бірақ анасы уайымдамайтын – кішкентай қыз бұл жолды оңай өткеретін.
Солай болды да, бірақ қыз көрші ауылдағы үйден әкесін кездестірмегендіктен, Карина әкесін іздеуге орманға барады. Тіпті, үлкен адамдардың өзі ешқашан бұл орманға қарусыз кірмеген. Әрине, орман ішінде қасқыр мен аюдың қаптап жүретіні түсінікті.
Карина үйіне бірнеше сағаттан кейін оралмағандықтан, ата-аналары оның өмір мен өлім арасында екеніне көзі жетеді. Әкесі мен анасының баланы табуға үміттері қалмаған соң, кінәлі сезініп, өздерін жазғыра бастайды.
Адамдар топ құрып, іздеуге кіріседі, алайда еш нәтижесіз болады. 10 күн өткен кезде ата-анасы жаман ойларға беріле бастайды. 11-ші күні қыздың иті үйге келген кезде бәрі өзгереді.
Құтқарушылар қыз орманда өліп қалған соң, ит қызды тастап, үйге келді деп ойлайды. Бірақ, ит үйге кірген соң, қайтадан қалың орманға қарай жүгіре бастайды. Ата-анасы артынан еру керектігін бірден ұғады.
Итпен бірге бірнеше шақырымды өткерген соң, құтқарушылар ұзын шөптердің арасынан кішкентай қызды көреді. Карина тірі әрі сап-сау, бірақ оларға шошынып қалған көздерімен қарайды.
Қыздың әбден қарны ашып, әлсіреп қалған, суықтап қалғаны тағы бар, бірақ ақыл-есі түзу екен. Каринаны үйде ата-анасы күтіп отырды. Кейіннен қыз аман қалу үшін қалай жеміс-жидекпен қоректенгенін, жапырақтар мен шөптерді жегенін айтып береді.
Нағыз батыр! Қыздың батыл иті жолында кездескен қасқыр мен аюларды үріп, үркітіп отырған. Олар үйіне оралғанға дейін ұзақ он күн бойы бір-бірлерін жылытып күн көрген.
Карина Чикитованың итінің арқасында бұл оқиға жақсы аяқталды. Төртаяқты батыл досқа құрмет көрсету үшін Якутияның тұрғындары оған ескерткіш орнатты. Бұл достық, адалдық пен сүйіспеншілікті дәріптейді.
Қазіргі таңда кішкентай Карина толығымен өз-өзіне келді. Адал досы әлі де өзімен бірге жанында.
Ал, мынау құтқару операциясының видеосы:
Оставить комментарий