«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шураев өзінің «Facebook» парақшасында белгілі журналист Сергей Понамаревтің баласы Глеб Пономарев домбыра мен гитараны үндестірген видеосын жариялады. Сонымен қатар Глеб Пономарев есімді жігітке қазақтың ұлттық аспабын өзі сыйға тартқанын да жазған.
«Бірнеше жыл бұрын Глеб Пономаревке домбыраны сыйға тарту құрметіне ие болдым. Енді жемісін көріп жатырмын.
Сергей Пономарев, әкеге ең үздік ескерткіш ол оның баласы! Сені де құттықтаймын!» деп жазды Арман Шураев.
Оставить комментарий