Wi-fi-ға аллергиясы бар әйел үйінен шықпауға мәжбүр

/uploads/thumbnail/20170709191005505_small.jpg

Ким Де Атта есімді британдық әйел сирек кездесетін аурумен ауырады. Оның сымсыз интернетке және ұялы байланыс орнаған желілерге аллергиясы бар. Оның 3G ұстайтын аумақтарда басы қатты ауыра бастайды. Де Атта арнайы тормен қоршалған үйінен шықпауды дұрыс санайды, деп хабарлайды Metro.

Электромагниттік толқындарға аллергиясы бар бұрынғы медбике үйден шығу үшін арнайы қалқалау шлемдерін киюге мәжбүр. Осы ауруы үшін оған екі мәрте тұрғын үйін ауыстыруға, байланыс желілері ұстамайтын жаққа көшуге тура келген.

«Көп адамдар мені есінен алжасқан деп ойлайды. Олар менің қандай күй кешіп жүргенімді елестете алмайды», – деп мәлімдеді Де Атта.

Ким 16 жасынан бері электромагниттік толқындарға аллергиядан зардап шегіп келеді. Ол Лондонда тұрып, өзін үнемі нашар сезінетін.  

Мұндай мәселемен қиындық көретін тек британдық ғана емес. Бұған дейін 2015 жылы америкалық оқушы қыз Wi-fi сәулелерінен ендігі күресе алмайтынын айтып, өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи