МӘМС қаржысы қайда жұмсалды?: Халыққа ашық есеп берілмек

/uploads/thumbnail/20250521122058930_big.webp

Қазақстанда медициналық ұйымдар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі қаражаттың қайда жұмсалғанын ресми түрде жариялап отыруға міндеттеледі. Бұл түзету Мәжілістің 21 мамырдағы жалпы отырысында МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдау кезінде енгізілді.

Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

Заң жобасында жарналарды тұрақты төлеген азаматтар жарна төлеуді тоқтатқаннан кейін де алты айға дейін медициналық көмек алуға құқылы деген норма қарастырылған.

Сондай-ақ, МӘМС қорымен және денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық қызметін ашық ету мақсатында қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат ресми сайттарда жарияланып отырады. Сонымен бірге, шарттық міндеттемелерді орындамаған медицина ұйымдарынан қаражатты қайтару тәртібі де енгізілді.

Связанные теги :

Связанные Статьи