Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттің грантын жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20250521115331120_big.webp

Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылындағы №7 Төле би атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды. Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған талапты түлек АҚШ, Канада, БАӘ, Түркия және Малайзия елдерінің университеттерінен толық грант иеленген.

16 жастағы Ақжүніс АҚШ-тың 17, БАӘ-нің 5, Түркияның 6, Малайзияның 5 оқу орнынан грант жеңіп, Канада университетінің президенттік стипендиясына ие болды. ҰБТ-да 111 балл жинаған үздік оқушы – ауыл мектебінен шетелдік оқу орындарына жол тартқан алғашқы түлек.

Ақжүніс әлемдік біліммен қаруланып, еліне қызмет етуді мақсат етеді.

Связанные Статьи