130-дан астам санкция: Еуроодақтың Ресейге қарсы шаралары төрт бағытта жүргізілуде

/uploads/thumbnail/20250521112446655_big.webp

Еуроодақ Ресейге қарсы төрт санкциялық режимді бір мезгілде енгізді. 

20 мамырда Брюссельде өткен Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінде Ресейге қарсы бір уақытта төрт түрлі санкциялық режимді қамтитын ең ауқымды шаралар пакеті мақұлданды. Санкциялар:

  • Украинаға қарсы соғыс жүргізгені үшін;

  • Адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін;

  • Батыс елдеріне қарсы гибридтік шабуылдар жасағаны үшін;

  • Химиялық қару қолданғаны үшін енгізілді.

Барлығы 130-дан астам жеке санкция қабылданды. Олар Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешені, "көлеңкелі флот", жалған ақпарат таратушылар мен үшінші елдер арқылы санкцияны айналып өтушілерге бағытталған.

Украинадағы соғысқа байланысты 17-ші санкциялар пакеті аясында 75 жаңа тұлға және 189 кеме тізімге қосылды. Гибридтік шабуылдар үшін 27, адам құқықтарын бұзғаны үшін 28 тұлғаға санкция салынды. Химиялық қару бойынша тізімге Ресейдің қорғаныс құрылымдары мен зерттеу институттары енді.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен жаңа санкциялар пакеті дайындалып жатқанын айтты. Ол "Солтүстік ағын" жобалары мен ресейлік мұнай бағасына қатысты шектеулерді қамтуы мүмкін.

Связанные теги :

Связанные Статьи