Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи қоғам белсендісі Марғұлан Боранбайдың түрмеден босатылғанын хабарлады. Белсенді төрт жылдық жаза мерзімін толық өтеп, бостандыққа шыққан.
«Ел тәуелсіздігі мен қазақ ұлтының намысын қорғағаны үшін түрмеге қамалған Марғұлан ағасына қонаққа келді. Колонияға барып, "бостандыққа шығуға көмектесейік" дегенімізде, ол: "Кешірім сұрайтын ештеңе істемедім, мерзімін толық өтеймін", — деп жауап берді», — деді депутат.
Бәпидің айтуынша, Боранбай шовинистік көзқарас білдіргендерге қарсы шыққаны үшін қуғындалған.
«Біреу "Қазақтың нағыз патриоты кім?" деп сұраса, ойланбай Марғұлан Боранбайды көрсетіңіздер. Өкінбейсіздер», — деді мәжілісмен.
Еске салайық, 2022 жылы Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаев «араздық қоздыру» және «билікті басып алуға үндеу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған. Олар ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға бағытталған агрессивті мәлімдемелеріне ашық қарсы шыққан және Ресеймен ықпалдастықты тереңдетуге қарсы көзқарастарымен танылған.