Сайлаубекке 23 теңге берсеңіз жұлдыз боласыз

/uploads/thumbnail/20170709191006794_small.jpeg

МС Сайлаубек өзінің инстаграм парақшасында халықтан 2 миллион теңге жинап беруін сұрады. «Қазақша флоу» атты бейне клипке қаржы таппаған Сайлаубек инстаграмдағы 86 мың оқырманының әрқайсысы 23 теңгеден жинап берсе, қаржының жартысы камераға, бір бөлігі клип түсірілетін ғимарат пен жарықтандыру құралдарына жұмсалатынын жазды.

«Құрметті ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! Біз сіздерге қаржылық көмек сұрап жазып отырмыз. Ол қаражат бейнебаян түсіру мен оны музыкалық телеарналар мен әлеуметтік желілерге шығаруға жұмсалады. Жетпей тұрған сомма көлемі – 2 миллион теңге» дейді ғаламтор жұлдызы Сайлаубек.

23 теңгені жіберген адамның аты-жөнін бейнебаянның титрына қосуға уәде етті.

Жазбасының астына карта нөмірін де жазыпты.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи