Ресей Президенті Владимирович Путин америкалық саясаткерлердің өзін айыптағаны жайлы мәлімдеді. АҚШ-тың Демпартиясы президенттік сайлауда жеңіліс тапқандықтарын мойындай алмай, шет жақтан кінәлілерді іздей бастаған деп хабарлайды www.bbc.com, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Жыл сайын болатын пресс-конференцияда Путин «Ресейлік хакерлердің АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысы бар ма және оларға бұйрық берген расымен де сіз бе?» деген тілшілердің сұрағына «Жеңілген адам әрқашан да кінәні шеттен іздейді» - деп жауап берді.
Путиннің айтуына қарағанда, ол Демократиялық партияның серверіне хакерлердің бұзып кіргенін білген, алайда ол хакерлер нақты Ресейден екендігін айғақтайтын ешқандай да дәлелдің жоқ екендігін айтты. «Олар қандай хакерлер екенін кім біледі? Неге Ресейлік хакерлер дейсіңдер?», - деп мәлімдеді Ресей президенті.
Путин өзіне Барак Обама хакерлік шабуылды доғарсын деп телефон арқылы хабарласқаны жайлы сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Оның айтуынша, телефонмен жеке болған әңгімені жұртқа жария етпейді екен. Бірнеше күн бұрын президенттің пресс-хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Обама арасындағы әңгіменің болғандығын және де оған электронды байланыс жүйесі қосылмағандығын айтқан болатын.
Путиннің: «АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп қоғамның көңіл күйін тез байқап, соған сәйкес жұмыс істей бастады. Оның жеңетініне бізден басқа ешкім де сенген жоқ, алайда ол соңына дейін барды», - деп мәлімдеді.
Саясаткер Константин Калачев: «Путин мұндай сұрақтарды ұнатады деп есептейді. Әсіресе, халықтың 34% оны қолдайтынына риза. Барак Обаманың жүйедегі мәселелері жайлы айтқанды жақсы көреді. Ол Обамадан озып кетті»
Сайлау өтіп жатқан кезде хакерлер АҚШ-тағы Демпартиялық компанияның серверін бұзып, ішіне енген де, құпия хаттарын интернетке жариялаған. АҚШ-тың арнайы қызметі бұл хакерлік шабуыл Ресей тарапынан жасалған деген шешімге келді.
Аударған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий