Мирзиёев билігіндегі Өзбекстанға алғашқы болып Атамбаев барды

/uploads/thumbnail/20170709191156721_small.jpg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев желтоқсанның 24-і күні Өзбекстанның Самарқан қаласына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды «Қамшы» порталы Қырғыз президенті сайтына сілтеме жасап.  Өзбекстан президенті болып сайланғаннан кейін Өзбекстанға алғашқы шетел басшы болып Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев келді.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында осы елдің алғашқы президенті Ислам Кәрімовтың зиратына да барды.

Самарқандта өткен келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты келісім мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Мирзиёев Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстарды нығайту қажеттіліктерін атап өтті. Сонымен қатар Өзбекстан президенті екі елдің сауда-экономикалық келісім мүмкіндіктерінің зор екенін айтты.

Өз кезегінде Атамбаев Өзбекстан мен Қырғызстан тарихы ортақ елдер екенін жеткізді.

Айта кетсек, Ислам Каримовтің қазасынан кейін өзбек елі басшылығына келген Мирзиёев қырғыз делегаттарымен кездесу өткізіп, ширек ғасыр бойы шешілмей келе жатқан шекара дауының біразын шешкен еді.

Мирзиёев 4 желтоқсан күні өткен сайлауда басым дауыспен жеңіске жетіп, Тәуелсіз Өзбекстанның президенті болып сайланды. Алдын ала болжам бойынша алғашқы ресми сапарын Қазақстанға, Ресейге жасауы мүмкін.

Связанные Статьи