Мәулітбек Қаптағай
Найзағайдай жарық етіп, жетті міне ақбоз ат ,
Әппақ оның жүрегі айдын көлге тап бола.
Аймаңдайы қалған- ау теңіздің арғы
Шетінде ,
Жанарына әп- сәтте жан сезгісіз жас тола...
Шарасыздық шәйләтіп толқынды көріп тоқтады,
Орындалмай қайтама ақбоз аттың жоспары.
Қайшылайды құлағын аймаңдайын көргендей,
Телміреме теңізге келердей болып тосқаны.
Толқынды бойлап тұлпарың жағада міне тұр әлі,
Дегбірсіздікті бұрқатып жер тарпыған тұяғы.
Теңіздің желі желпиді-ақ аймаңдайдың бұрымын ,
Қос жанары көрді оны қыран құстай қырағы.
Ақ боз аттың арманы тым алыста белгілі,
Толқынды кесу ең дұрыс талғамы еді ендігі .
Көз жетпейді бірақта теңіздің арғы шетіне ,
Тықыршытып тұлпарды күйзелтеді шерліні .
Ақбоз атқа тұрған жоқ қаһарлы болып толқының ,
Қорқатыны тек оның ала алмай жатыр жол сырын .
Аймаңдайға жетеді асықпай алла жол берсе ,
Шаба берсін тоқтамай , жаза берсін қолтығын .
. . . Жағасына теңіздің тағы келді ақбоз ат ,
Алаулаған сырларын толқынмен ашып жатты алап .
Аймаңдайға айтар алғашқы көңіліндегі бір сөзін ,
Жібергісі келеді ақ кептерден хатқа орап .
Дәрменсіз енді ақбоз ат алдыға қарай жүруге ,
Амалсыз қайтты артына шалынып аяқ сүріне .
Айта алмай кеткен арманын күндердің күні болғанда ,
Жаңбыр шайып әкетер теңіздің тұпсыз түбіне .
дайындаған: Бұлғын Сусар