Түркия түркі тілдес елдерден құралған экономикалық одақ құруды ұсынды

/uploads/thumbnail/20170709191201359_small.jpg

Түркі тілдес елдердің арасында еркін сауда-саттық жүргізіп, кедендік жеңілдіктерді көбейту үшін  экономикалық одақ құру қажет деді Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчи деп хабарлайды yenicag.ru.

Министрдің айтуынша түркі тілдес елдердің қарым-қатынасы, бар әлеуетке сай емес.

«Түркі тілдес кеңесіне кіретін елдердегі халықтың саны 115 миллионға жетеді. Олардың ұлттық кірісі 1,2 триллион. Сыртқы сауда айналымы 600 миллиард доллар. Ал өзара сауда саттық көлемі тек 2% құрайды. Біз бұл көрсеткішті 5-10% жеткізуіміз керек. Сонымен қатар, Түркия мен Әзірбайжаннан басқа сыртқы сауда бойынша ешқандай елдермен алғашқы ондыққа кірмейміз. Егер түркі тілдес елдер өзара экономикалық байланысты нығайтса, саяси және т.б салада да кеңейе түседі» деді Зейбекчи.

 

 

 

Связанные Статьи