Қазақтың жанына ресейліктердің өлімі неге қаттырақ батады?

/uploads/thumbnail/20170709191634820_small.jpg

- Әлемде болып жатқан соңғы оқиғалардың көрінісі ақпараттық соғыстың айқын нәтижесі, - деп жазады белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай желідегі парақшасында.

Өкінішке орай қазақстандықтар ақпарат алуда, іздеуде отандық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарымен ғана шектеледі. Тіл білмегендіктен кез-келген жаңалықтың орысшасын іздеп оқимыз. Дереккөзге мән бермейміз, Америка, Еуропа, ағылшын баспасөздері қай жаңалықты қай уақытта қалай бергенінен бейxабармыз. Бұл тек қалың бұқараға ғана емес отандық БАҚ-ғы жаңалықтар қызметінде жұмыс істеп жүрген әріптестерге де қатысты. Интернет қарыштап дамып, спутниктік телеарналарға қолымыз жетіп қуанғанымызбен ақпарат кеңістігіміздің күннен-күнге тарылып, сәл де болса саясиланып бара жатқан сияқты екенін байқау қиын емес. Мысалы, алдыңгүні Сирияға сапарға шыққан Ресейдің 100-ге жуық азаматы ТУ-154 ұшағымен апатқа ұшырап қаза болды. Жантүршігерлік ауыр оқиға. Қара теңізден оншақты ғана адамның мәйіті табылды, қалғандары әлі іздестірілуде. Біз де көршілес елге көңіл айтып, қаза болғандардың отбасына сабыр тіледік. Ешқандай артық мақсаты жоқ, әртістер, журналистер, бас-аяғы тоқсан үш адамның бір сәтте опат болуы жүрекке тиеді. Бұл жерде ұлты, діні, нәсілі рөл ойнамайды. Адам ба адам. Біреудің әкесі, біреудің баласы... Байқасаңыз, Ресейдің бүкіл телеарнасы, баспасөзі, сайттары минут сайын болған жайттан xабар беріп, жарыса жазуда. Біздің ақпарат құралдары да әдеттегідей қызмет атқаруда.
Ал, Сириядағы соғыстан соңғы 5 жылда көз жұмғандардың саны кейбір дереккөздердің мәлімдеуінше 300.000 ға, кейбірінің айтуынша 500.000 ға жеткен. Олар да адамдар, ол жерде де жазықсыз жапа шегіп жатқандар бар. Аналар, балалар... Бірақ біз жүз мыңдаған жұрттың өміріне емес, жүз шақты адамның тағдырына ғана қайғырып отырмыз... Әлеуметтік желілерде бұл жөнінде неше түрлі пікірталастар боп жатыр. Бірақ ол не береді? Бұл жағдай мені адам ретінде де, журналист ретінде қатты алаңдатады. Ары қарай не болар екен?

Связанные Статьи