Жапонияның билік өкілі Екінші Дүниежүзілік соғыста сарбаздарға қызмет көрсеткен әйелдерге миллиард иен төлеуге дайын екенін жеткізді.
Жапония мен Оңтүстік Корея екі жақтың да даулы сұрақтарының бірі – «жұбаныш үшін әйел» мәселесінің шешімін тапқанын жариялады.
Бұл туралы Жапония мен Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрлігі 28 желтоқсанда Сеулдегі кездесуде мәлімдеді.
«Жұбаныш үшін әйел» деп Жапонияда Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония әскерінің офицерлері мен солдаттарына сексуальды қызмет көрсеткен корей әйелдерін атайды.
Жапонияның ІІМ-нің басшысы Фумио Кисиды: «Токио «жұбаныш үшін әйел» мәселесі тұрғысында Токио өзінің жауапкершілігін мойындайды», – деді, ал мемлекеттің премьер-министрі Синдзо Абэ: «жапа шеккендерден шын ниетімізбен кешірім сұраймыз» деп мәлімдеді.
Токио сондай-ақ, сексуальды құлдықта шапа жеккендерге Оңтүстік Кореяның көмек қорына 1 миллиард иен (8,3 млн доллар) бөлетін болды.
Қазіргі таңда орта жасы 90-ды құрайтын «жұбаныш үшін әйелдерден» 47-сі тірі екен.