Ашынған медбикенің жан айқайы

/uploads/thumbnail/20170709191640997_small.jpg

Жас медбике Кэйтлин Брассингтон күнде өзгенің денсаулығы үшін күресіп, өмірін сақтап, үміт сыйлайды. Әрине Кэйтлин бұл мамандықты адамдар оны қаһарман деп есептеуі үшін таңдамағаны анық. Алайда танысының  айтқандары, Кэйтлиннің өзін және әріптестерін көпшіліктің көзінше жақтауына мәжбүр етті.  

Мен қазір ғана жұмыстан үйге келдім. Үстімде жұмыс киімі. Жолдан дүкенге сүт сатып алу үшін келе жатқанымда, танысымды кездестірдім. Ол бұған дейін мені жұмыс формасында көрмеген еді. Танысым маған қарап, «менің жай ғана медбике» екенімді білмегінін айтты. Медицина саласында жұмыс істеген 18 жыл уақытта бұл сөзді талай мәрте естідім. Алайда осы жолы жаныма қатты батты.

 

Мен сәбилердің өмірге келуіне көмектестім. Оның көбіне алғашқы демін алуға  көмектесуге тура келді. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.  

 

Мен қарт кісілердің өлім аузында өзін жоғалтып алмауы үшін талай мәрте қолын ұстап тұрдым.  Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.   

 

Мен баласын жоғалтып алған ата-аналарға қолдау көрсеттім. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.  

 

Мен адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, өмірге қайта алып келдім.  Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.  

 

Мен адамдарды емдейтін дәрігердің көзі, құлағы және қолымын. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Мен өкпенің қай жағы ауаны жеткілікті деңгейде қабылдамай жатқанын білу үшін жаңа туылған сәбидің өкпесін тыңдадым. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Мен емделуші, санитар мен кіші медбикелерді оқыта аламын. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Мен  сақтандыру компанияларымен болатын дауда емделушілерді қорғаймын. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Мен сіздердің туыстарыныздың денсаулығына қамқорлық көрсету үшін Рождествоны, балаларымның туған күндерін және олардың мектеп мюзикылындағы қойылымдарына бармаймын.  Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Мен қан алып, жарақатты тіге аламын. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Мен  сәби, кішкентай бала немесе ересек адам болса да инфаркт болғанда өмірін сақтап қала аламын.  Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Балаңыздың салмағына қарай адреналин немесе амиодаронның мөлшерін айтып бере аламын. Осыдан кейін мен жәй ғана медбикемін.

 

Менің білімім мен тәжірбием адамдардың өмірін сақтап қалады.

 

«Егер мен жәй ғана медбике болсам, мен мұны мақтан тұтамын!» дейді ашынған Кэйтлин Брассингтон.

Дерек көз: timeallnews.ru

 

Связанные Статьи