Қытайтың Таюнь қаласының орталығында Шанси аймағында АҚШ-тың президенті Дональд Трамптын айнымайтын алтын айдарлы, қабағын шытып тұрған тауық мүсінін жасаған деп хабарлайды lenta.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Мүсінді жергілікті сауда орталығына қарасты бір компанияның тапсырысымен салған. N1 ArtWalk Mall ұйымдастыру орталығының басшысы Цао Минлян тілшілерге «2017 жыл тауық жылы болғандықтан, бұл мүсін келер жылдың арнайы белгісіне айналады» деп түсіндірді.



Интернет желісінде аталмыш мүсіннің көшірмелері сатылуда. Дональд Трамптың шаш үлгісімен жасалған мүсіннің кішкентай түрін 57 долларға сатып алуға болады, ал 1739 долларға оның үлкен 10 метрлік мүсінін иеленуге болады.
Мұндай тауық мүсінін сатумен айналысатын компаниялардың біріндегі кәсіпкер Вэй Цин бұл тауықтың күлкілі көрінетіндігін айтты. «Меніңше, өте әдемі әрі күлкілі тауық. Қасы мен шаш үлгісі АҚШ-тың перзиденті Дональд Трамптан айнымайды. Бұл мүсін сатып алушыларды қызықтыратынына сенімдімін», - деді ол.
Қараша айында Ханчжоу қаласындағы сафари-паркіндегі алтын түсті қырғауылдың Трампа ұқсас екендігін байқаған кезде жұртшылыққа таныла бастаған.